"Бәріне қарсымын" бағаны неліктен енгізілді – ОСК төрағасының жауабы

400

Астанада Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз маслихатында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров бюллетеньге неліктен "Бәріне қарсымын" бағаны енгізілгенін түсіндірді, деп жазады inbusiness.kz.  

"Бәріне қарсымын" бағаны неліктен енгізілді – ОСК төрағасының жауабы Фото: inbusiness.kz

"Оның бір ғана қажеттілігі бар. "Сайлаушы аяғымен дауыс береді" деген ұғым бар. Сондықтан бұл жерде әңгіме адамдардың сайлау учаскелеріне келуіне қатысты. Сайлаушы учаскеге келеді, бюллетень алады, дауыс берді. Біздің заңда бюллетеньді бүлдіргендерге қатысты жауапкершілік жоқ. Енді сайлауға келіп, "Бәріне қарсымын" деп дауыс беру – бұл позиция. Азаматтық позиция. Сайлауға бармай, өзінің көзқарасын білдіруге де болады. Бірақ бұл жолы азаматтар учаскеге барып тұрып, мен "бәріне қарсымын" деп, өзінің позициясын көрсетті", - деп түсіндірді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Нұрлан Әбдіровтің пайымынша, "Бәріне қарсымын" бағанын таңдаған азаматтардың пікірі мемлекет пен саяси партиялардың ойлануына себеп болады.

"Соншама адам келіп, "бәріне қарсымын" деп дауыс беріп кетті. Ол бюллетеньді бүлдірген жоқ. Бұл графа болмаған кезде жағдай қалай болды?! Бәріне қарсымын деп өз қолымен жазатын. Ондай бюллетень жарамсыз деп саналатын. Ал бұл жарамды бюллетень. Өйткені, дауыс берушінің "Бәріне қарсымын" деген позициясы бар. Ертең ол мемлекетке қажет нәрсе. Мемлекет "Олар неге бәріне қарсымын?" деп дауыс берді деп ойланады. Сол сияқты бұл саяси партияларға да ой салады", - деп түйіндеді Нұрлан Әбдіров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу