Әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдукәрімованың бірге түскен видеосы жарияланды.
Бұған дейін көпшілік Қайрат Нұртастың отбасынан бөлек жүргенін сынап, пікір білдірген еді. Әлеуметтік желіде жұлдызды жұптың бірге түскен видеосы көпшіліктің қызу талқысына түсті.
"Бәрінің іші күйіп өлетін болды ғой. Әсіресе, қыздардың", - дейді әйелін құшақтап тұрған Қайрат Нұртас.
Ал желі қолданушылары өнер иелеріне бақыт тілеп, жылы лебізін білдірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу