"Бәріңнің өмірлеріңді қиямын": Белгісіз біреу Астана мектептеріне "шабуыл" жасамақ болған

824

Желіде тараған жазбаға қатысты полиция мәлімдеме жасады.

"Бәріңнің өмірлеріңді қиямын": Белгісіз біреу Астана мектептеріне "шабуыл" жасамақ болған Фото: Астана қаласының ПД

Телеграмм арналардың бірінде әлдебіреудің Астана мектептеріне шабуыл жасайтыны туралы жазба тарады деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аноним Telegram-арнада автор 19 сәуірде "мектептерге басып кіріп, балаларды өлтіретіні" туралы айтып, жұртты шошытқан. Аноним автор жазбаға қарудың да суретін салып қойған.  

“Ертеңді күту ғана қалды. Мен сендерді ешқашан ұнатпадым. Түкіргенім бар... Бәріңнің өмірлеріңді қиямын” - деп жазған белгісіз адам.  

Астана қаласының полиция департаменті жазбаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ осы сипаттағы жалған хабарлама таратқандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп хабарлады.  

“Естеріңізге сала кетейік, дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 5 жылға бас бостандығынан айыру көзделген” - деп жазды Астана қаласының полиция департаменті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу