Барлығын "Одақ" сөзі алаңдатады – СІМ өкілі

711

Сыртқы істер министрінің орынбасары "Газ Одағына" қатысты пікір білдірді. 

Барлығын "Одақ" сөзі алаңдатады – СІМ өкілі

Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровқа Ресей, Қазақстан және Өзбекстан арасында құрылуы ықтимал Газ Одағына қатысты журналистер сауал қойды.

"Ресей тарапы бұл ұсынысты Мәскеуде ауызша айтты. Әзірге ұсыныс Қазақстан тарапына егжей-тегжейлі рәсімделген күйінде түскен жоқ", деді Алмас Айдаров

Оның айтуынша, көпшілікті "Одақ" сөзі алаңдатып отырған секілді. Алайда, бұл қандай да бұл құрылымды интеграциялық институт ретінде қабылдаудың қажеті жоқ.

"Оны газ жеткізу бойынша газ нарығын интеграциялау бойынша коммерциялық ұсыныс ретінде ғана бағалаймыз. Бірақ, әзірге ешқандай ұсыныс алған жоқпыз. Бұл ұсынысты экономикалық тиімділігіне қарай және егер біздің мүддемізге сай болса ғана қарастырамыз. Аталған ұсыныстан қандай да саяси астар іздеудің қажеті жоқ", - деді Алмас Айдаров.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу