Барлығына 21 мың теңге төлеу деген дұрыс емес – Б.Сапарбаев

1142

367 мың көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындалған.

 Барлығына 21 мың теңге төлеу деген дұрыс емес – Б.Сапарбаев

Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев әлеуметтік статусына қарамастан, бала басына 21 мың теңгеден жәрдемақы төлеу туралы ұсынысқа қатысты пікірін білдірді.

"Атаулы әлеуметтік көмек нашар тұратын отбасылардың өзінің жағдайын жақсарту үшін мемлекет тарапынан уақытша беріледі. Бұл біріншіден. Екіншіден, көптеген кездесулерде жергілікті тұрғындардан өтініш болды. Негізінен бұл көмекті көпбалалы отбасыларға беруді өтінген. Біздің негізгі ұстанған приципіміз – көпбалалы отбасыларды қолдау. Екіншіден, бес балаға қанша шығын, бір балаға қанша шығын кететінін барлығыңыз жақсы білесіздер. Ал барлығына 21 мың теңге төлеу деген дұрыс емес. Сесебі, біріншіден, біз оған кететін қаржыны есептеуіміз керек. Ең негізгі мәселе –біз мұқтаж адамдарға беруіміз керек. Біздің ең үлкен мақсатымыз сол. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан болатын. Масылдық пен мұқтаждықты ажырата білуіміз керек деді.  Біздің ойымызша, соңғы кездесулер кезінде негізгі жерлерде мұны халықтың бәрі дұрыс қабылдады. Жалпы қазақстандықтарды жұмысқа үйретуіміз керек. Әркім өзінің отбасын өзі асырауы керек", – деді Бердібек Сапарбаев.

Вице-премьердің айтуынша, 6 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 367 мың көпалалы отбасыға жәрдемақы тағайындалған. Соның аясында бюджеттен 17 млрд теңге төленген.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу