"Барлығына қарсымын!"

899

Барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне осындай жазу жазылған  баған қосылады. Ал мәжіліс сайлауына қатысатын саяси партиялардың сайлаудан өту шегі 7%-дан 5%-ға төмендейді. Бұл туралы мәжілісте ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Барлығына қарсымын!" Фото: inbusiness.kz

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 15 қаңтарда VII шақырылымдағы парламент мәжілісінің бірінші сессиясының ашылуында берген тапсырмасына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Конституциялық заңының жобасы толықтырылып жатыр. Соған сәйкес, сайлау бюллетеньдерінде "Барлығына қарсымын!" деген баған пайда болады. Сонымен қатар саяси партиялардың сайлаудан өту шегі 7%-дан 5%-ға төмендейді", – деді Ұлттық экономика министрі.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу