ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығына сәйкес, төлем қабылдау пунктерінде өткізу қабілетін арттыру, көлік құралдарының кептелісін болдырмау, көліктердің жедел жүруін қамтамасыз ету және уақытты үнемдеу мақсатында барлық ақылы жолдарда жол жүру ақысына дифференциалды тариф енгізіледі, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі.
Енді жеңіл автомобильдер үшін жолақысын қолма-қол төлеу 2 есе қымбат болады. Ал, төлем жасаудың төмендегі түрлерін таңдап, алдын-ала ақшаны салып қойсаңыз дифференциалды тарифте көрсетілген соманың жартысын ғана төлейсіз. Жүк көлік құралдары үшін төлем мөлшерлемесі өзгеріссіз қалады.
Ақылы жол учаскелерінің бағасы:
• Нұр-Сұлтан- Щучинск (бір бағытта: қолма-қол төлеу – 400 теңге, алдын ала "онлайн" төлеу – 200 теңге)
• Нұр-Сұлтан-Теміртау (бір бағытта: қолма-қол төлеу – 400 теңге, алдын ала "онлайн" төлеу – 200 теңге)
• Алматы – Қапшағай (бір бағытта: қолма-қол төлеу – 200 теңге, алдын ала "онлайн" төлеу – 100 теңге)
• Алматы-Қорғас (бір бағытта: қолма-қол төлеу – 600 теңге, алдын ала "онлайн" төлеу – 300 теңге)
Төлем жасаудың түрлері:
• Payway.kz
• Интернет-банкинг: Kaspi bank, Halyk bank, Сбербанк, Eurasian Bank, Capital Bank, АТФ Банк
• Терминалдар: QIWI, Касса 24, CyberPlat, Tenge, Payway.kz
• Касса 24 электрондық әмияны, QIWI, Wooppay, Salempay
• Телефон теңгерімінен (Beeline *505#; Beeline, Activ, Kcell SMS 5505 форматындағы "жол ақы" "жол жүру" "көліктің мемлекеттік нөмірі")
• Кazdriver Қосымшасы
• Заңды тұлғалармен шарт жасату