Барлық көрсеткіштер бойынша 6 өңірде оң динамика тіркелді

Ауыл шаруашылығында шығарылған өнім 3,9%-ға ұлғайды. 

Барлық көрсеткіштер бойынша 6 өңірде оң динамика тіркелді Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Үкімет отырысына Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Ауыл шаруашылығында шығарылған өнім 3,9%-ға ұлғайды. Саладағы өндірістің оң өсуі 16 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсімді Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола және Қостанай облыстары көрсетті", – деді министр баяндамасында.

Осы орайда ведомство басшысы 7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы  жалпы жағдайға тоқталды.

Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсім 6 өңірде – Абай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Павлодар облыстарында,  сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында тіркелген.

"6 көрсеткіш бойынша өсім 9 өңірде тіркелді. Бұл Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары", – деді министр.

Бұл ретте министрлік экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аударуды ұсынды:

  1. Инфляцияға қарсы ден қою шараларын күшейту және жеміс көкөніс өнімдеріне бағаның алып-сатарлық маусымдық ауытқуына жол бермеу;
  2.  Экономика салаларында өсудің оң қарқынын сақтау жөніндегі шараларды іске асыру, көктемгі-дала жұмыстарын жүргізуде кешенді қолдау көрсету;
  3.  Жобалық-сметалық құжаттама мен техникалық-экономикалық негіздемені сапалы дайындау, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақытылы жүргізу және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаражатты өнім берушіге дейін жеткізуі;
  4.  Шикізат емес экспортты жан-жақты қолдау және баламалы экспорттық бағыттарды ұлғайту;
  5.  Су тасқынына қарсы іс-шараларды тиімді жүзеге асыру.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу