Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Instagram парақшасында ауа-райының күрт бұзылуына байланысты барлық қызметтердің күшейтілген режимде жұмыс жасап жатқанын хабарлады.
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты шұғыл штаб құрылып, жедел телефон желісі іске қосылды. Желдің екпіні 23-28 м/с.
"Төтенше жағдайлар, Полиция департаментінің қызметкерлері және Ұлттық гвардия қарда қалған көліктерді шығаруға көмектесіп, азаматтарды қауіпсіз аймаққа көшіруде. Төтенше жағдайлар департаментінде шұғыл штаб құрылып, жедел телефон желісі іске қосылды. Нөмірлері: 24-52-12, 24-51-71, 24-51-47", – деп жазды шаһар басшысы.