Барлық мектептегі бейнекамералар жедел басқару орталықтарына қосылады

953

Жыл соңына дейін барлық білім беру мекемесінде орнатылған камералар Ішкі істер министрлігінің Жедел басқару орталықтарына қосылады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов баспасөз конференциясында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Барлық мектептегі бейнекамералар жедел басқару орталықтарына қосылады

"Бүгінгі күні 2 026 мектеп 36 657 камерасын Жедел басқару орталығына шығарды. Елімізде 7 372 мектеп бар (қалалық – 2159, ауылдық – 5213), онда 137 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. Жыл соңына дейін барлық мектептерден бейнебақылауды ЖБО-на шығару жоспарлануда", – деді Сәрсенов.

Бұл жұмыс оқушы, студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпек.

"Балалардың амандығы мен қауіпсіздігі әрқайсымызды алаңдататын мәселе. Ата-аналар балаларын мектепке, балабақшаға немесе колледжге жібергенде олардың қауіпсіздігіне көз жеткізуі керек. Ол үшін тиісті қауіпсіз ортаны құру қажет. Қазан мен Пермьдегі соңғы оқиғалар, жасөспірімдер мектеп пен университетке оп-оңай кіріп, балалар мен мұғалімдерін атып тастағаны, мәселенің қауіпті екенін көрсетті. Қылмыстардың алдын алу үшін, біздің білім ошақтары "дабыл түймелерімен" және бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілуде", – деді ол.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу