Барлық мемлекет Ауғанстаннан азаматтарын эвакуациялау операциясын аяқтады

933

Шетел әскерлерінің Ауғанстаннан шығуына 3 қалғанда барлық мемлекет Кабул әуежайындағы тұрғындарды эвакуациялау операциясын аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Интерфакс Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

Барлық мемлекет Ауғанстаннан азаматтарын эвакуациялау операциясын аяқтады

Associated Press агентігінің мәліметінше, НАТО әскерлері де бұл елден кетіп жатыр.

Сенбі күні кешке Кабул әуежайы ауғандар үшін жабылған. Күндіз "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) әуежайда тұрғындар кірмес үшін қосымша бақылау-өткізу пункттерін орналастырған.

Вашингтон кеше 15 тамыздан бастап елден 117 мың адам эвакуацияланғанын, олардың басым бөлігі ауғандар екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар сенбіде АҚШ Кабул әуежайындағы қауіпсіздікті сақтау үшін тиісті шараларды қабылдағанын атап өтті. Себебі террористер 
әуежайда және оның маңында тағы да теракт ұйымдастыруы мүмкін.

Бейсенбі Кабул әуежайында болған бірнеше жойқын жарылыстан 200-ге жуық адам қаза тапқан еді. Оның ішінде 13 америкалық әскер бар. 

31 тамызда америкалық әскерлер әуежайдан толық кетеді деп жоспарланып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу