Барлық несиенің әрбір төртінші теңгесі шағын бизнеске берілген

837

Барлық несиенің әрбір төртінші теңгесі шағын бизнеске берілген

Былтыр Қазақстандағы барлық несиелердің әрбір төртінші теңгесі шағын және орта бизнес субъектілеріне қарызға берілді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды 24Хабар.

Ақышев шағын бизнесті несиелендіру көлемі 1 триллионнан астам теңгеге ұлғайғанын және банктердің жалпы несие қоржынындағы кішігірім кәсіпкерлердің үлесі 24 пайызға жеткенін айтты. Бас банкир бұл соңғы жылдардағы ең жоғарғы көрсеткіш екенін атап өтті.

"Мемлекеттік бағдарламалар арқылы несиеге беріліп жатқан қаражаттан тыс екінші деңгейлі банктер өздерінің ақшаларын да шағын бизнеске белсенді түрде несиеге бере бастады. 2017 жылы да шағын және орта бизнесті несиелендіру көлемі арта түседі деген үміттеміз", – деді ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу