Барлық өңір бойынша биылғы Ораза кестесі жарияланды

577

Бұл туралы діни басқарманың ресми сайты жазды.

Барлық өңір бойынша биылғы Ораза кестесі жарияланды Фото: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2025 жылы Рамазан айы 1 наурызда басталады, ал Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түнге түседі. Ораза айт 30 наурызда өтсе, Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді.

Кестені мына сілтеме арқылы жүктей аласыз.

Діни басқарма мамандары ай күнтізбесіне байланысты бұл күндер жаңа айдың көрінуіне қарай бір күнге өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

– Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу