Барлық өңірді жүгіріп өткен алматылық қазақстандық рекорд кітабына енді

846

Алматылық блогер, велоэнтузиаст және саяхатшы Александр Габченко 13 ай ішінде еліміздің әр өңіріндегі көрікті жерлерде болды. 

Барлық өңірді жүгіріп өткен алматылық қазақстандық рекорд кітабына енді

I Run Kazakhstan жобасының авторы және оны іске асырушы еліміздің 14 облысында 430-ға жуық шақырымды жүгіріп өткен, деп жазады  inAlmaty.kz.

Алматылық блогер, велоэнтузиаст және саяхатшы Александр Габченко 13 ай ішінде еліміздің әр өңіріндегі көрікті жерлерде болды. Оның жобасы 2018 жылдың қыркүйегінде басталып, 2019 жылдың қазан айында аяқталған. Еліміздің барлық өңірінде 430-ден астам шақырымды жүгіріп өткен. Бұл таңғажайып жетістік КИнЭС қазақстандық рекордтар кітабыне енген.  

Александр әр облыста шамамен 30 шақырым жерді жүгірген. Ең ұзақ жол Қарағанды облысының Қарқаралы ауданынжағы Кент тауы болған. Ал оның көтерілген ең биік жері Жамбыл облысындағы Қырғыз Алатауы тау алабы. Ең төмен жер Каспий теңізі жағалауы болған.

Сонымен қатар саяхатшы жүгіру кезінде Солтүстік Қазақстандағы Имантау, Ақтөбе облысындағы Барқын, Қызылорда облысындағы тартылған Арал теңізі, Павлодар облысындағы Баянауыл сияқты табиғаты тамаша жерлермен танысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу