Барлық өңірлер кіріс жоспарын асыра орындады – Ерұлан Жамаубаев

982

Жергілікті бюджеттердің кірісі 116,8%-ға атқарылып, 2 трлн 191 млрд теңгені құрады.  

Барлық өңірлер кіріс жоспарын асыра орындады – Ерұлан Жамаубаев

Бұл туралы үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жоспар 315 млрд теңгеге, оның ішінде салық бойынша 264 млрд теңгеге асыра орындалды. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспар негізінен аукцион өткізу жолымен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сату есебінен асыра орындалды.

Өткен жылы материалдық құндылықтардың негізгі бөлігі басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз берілді, яғни материалдық құндылықтарды сату жүзеге асырылған жоқ. Жалпы, барлық өңірлер кіріс жоспарын асыра орындады", – деді қаржы министрі

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу