Барлық өңірлерде коронавирус жұқтырғандар саны өскен – вице-министр

418

Еуропа мен Азия елдерінде де жағдай мәз емес.   

Барлық өңірлерде коронавирус жұқтырғандар саны өскен – вице-министр

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният онлайн брифинг барысында коронавирус инфекциясының әлем елдері мен елімізде таралуы туралы сөз қозғады. Күннен күнге көрсеткіштер көңіл көншітпейді деген ол статистикалық деректермен бөлісті. 

"Әлемде аурудың өсуі жалғасуда. Қазіргі кезде әлемнің 216 елінде COVID-19-дың 48 млн-нан астам жағдайы тіркелген. Сырқаттанушылықтың өсуі – 1%. 1 млн 200-дей адам қайтыс болды, өлім көрсеткіші – 2,6%. Соңғы айда Германияда сырқаттанғандардың көбейгені байқалды. Соңғы 2 аптада еліміздің өңірлерінде COVID-19 жұқтырғандар санының артуы байқалады", – деді вице-министр. 

Ажар Ғинияттың сөзінше, өткен аптамен салыстырғанда ауру көрсеткіші 2,6 есеге өскен.

"Бүгінгі күні 14 өңірдің – Солтүстік Қазақстан облысының, Батыс Қазақстан облысының, Ақмола, Маңғыстау, Алматы, Атырау, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының әкімдері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері күшейтілген шаралар қабылдады. Олар қоғамдық тамақтану объектілеріне келушілерді азайтуға, кәсіпкерлік немесе өзге де қызмет объектілерінің және халықтың тыныс-тіршілігіне қызмет ететін нысандардың жұмыс кестесін қысқартуға, шектеу шараларын сақтауға, демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысын тоқтата тұруға бағытталған", – деді вице-министр.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу