Барлық сатып алуды бірыңғай порталға біріктіруді көздейтін заң жобасын дайындалуда

737

Барлық сатып алуды бірыңғай порталға  біріктіруді көздейтін заң жобасын дайындалуда

Қаржы министрлігінде бюджет шығыстарының жұмсалуын бақылау бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Бюджеттің озық атқарылуы үшін заңанамалық, ұйымдастырушылық және рәсімдік шаралар қатарына бастамашылық етілді. Бұл туралы ҚР қаржы министрі Б.Т.Сұлтанов халықпен есепті кездесуінде баяндады.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап "Мемлекеттік сатып алу туралы" және "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" заң іске аса бастады. Бұл бюджет қаражатын ұтымды пайдаланумен заң бұзушылықтарға жол бермеу бойынша мәселелерді шешуге кешенді келуге мүмкіндік берді.

Сатып алу веб-порталының жаңа платформасы іске қосылды.

Барлық мемлекеттік сатып алулар мен олардың рәсімдері жоспарлаудан бастап төлемді аяқтай отырып, электрондық форматқа ауыстырылды. Бұл бизнес мүдделерінің ашықтығын және қорғанысын арттырды.

Қорытындысында, бір  конкурсқа қатысушылардың орташа саны 4 есеге ұлғайды, 1-2-ден бастап 4 қатысушыға дейін өсті. Шартты үнемдеу шамамен  43 млрд. теңгеден 127 млрд. теңгеге дейін 3 есеге ұлғайды.

Пәрменділік тәжірибесі енгізілді. Сатып алудың электрондық форматы бұзушылықты уақытылы жою мен анықтау мақсатында сатып алуды жүргізудің әрбір кезеңінде қашықтықтан бақылауға мүмкіндік берді. 

Яғни біз қарап тексеруді күрт төмендеттік, бірақ объектілерді камералдық бақылаумен неғұрлым кең қамтыдық. Қату шамамен 100%-ды құрады.

Біз 40 мың конкурстар бойынша бұзушылықтардың алдын алдық, яғни құжаттама жауапкершілік мерзімі туындағанға дейін сәйкестікке келтірілді.

Айтайын дегенім, 10 мыңнан астам лауазымды тұлға жол берілген бұзышылықтарды алдын ала жоюға мүмкіндік алды, сонымен әкімшілік жауапкершілікке тартылмады. 

Мемлекетік басшысының тапсырмасына сәйкес біз сатып алуды орталықтандыру және автоматтандыру бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз.

Осы жылы біз мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор, табиғи монополиялар және жер қойнауын пайдаланушылар жүзеге асыратын барлық сатып алуды бірыңғай порталға  біріктіруді көздейтін заң жобасын дайындаудамыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу