"Продюсерім зорлады" деген жігіттің барлық айтқандары тексеріледі

839

Тексерістің басталғаны белгілі болды. 

"Продюсерім зорлады" деген жігіттің барлық айтқандары тексеріледі Фото: Бейнежазбадан

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов кішкентай кезінде продюсерден қорлық көргенін айтқан жас жігітке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Нұрғали Нұғман есімді қазақстандық желіде бейнеүндеу жариялаған болатын. 

"Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Тергеу барысында құқықтық-процессуалдық баға беріледі. Тиісті тексеріс басталды. Барлық уәждер тексеріледі. Мәлімдеме жасаған жігіт Қазақстанда емес. Ол Қытайдан оралған кезде қажетті тергеу амалдары жүргізіледі", – деді Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында.

Айта кету керек, Алматы қаласының полициясы жас жігіттің мәлімдемесін тексеріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу