Барнауыл–Өскемен газ құбырын қазақстандық мердігерлер салғысы келеді

847

Мердігер әлі анықталған жоқ.

Барнауыл–Өскемен газ құбырын қазақстандық мердігерлер салғысы келеді

Қазақстанның мұнай-сервис компаниялары Энергетика министрлігінің Ресейден гар тарту жобасына атсалысуға дайын. Бұл туралы Қазақстан мұнай-сервис компаниялары одағының жобалар жөніндегі жетекшісі Нияз Жұмат айтты. 

"Әзірге құбыр тартумен кім айналысатынын айтуға ерте. Біздің өзімізге де кімдердің қатысатыны қызық боп отыр. Іс жүзінде қазақстанда жобаға қажет құбырлар да, оны төсеп беретін мердігерлер де бар. Қазір мердігерлер туралы нақты айта алатын жалғыз дерегіміз осы ғана. Құбырлар қайдан әкелініп, жұмысты кім орындайтынын тапсырыс берушілерден сұрау керек шығар. Өйткені бәрі жобаның қандай жолмен, кімнің есебінен қаржыландырылатынына байланысты. Ақшасын кім төлесе, әнді сол таңдайды", – деді KazServise өкілі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу