"Барни" ісі: 19 жастағы Мадина Рашидқызының мәйіті қайта қазып алынды

Марқұмның туған-туыстары сот-медициналық сараптаманы қайта жүргізуді талап еткен.

"Барни" ісі: 19 жастағы Мадина Рашидқызының мәйіті қайта қазып алынды Фото: ulysmedia.kz/коллаж

Эксгумация жүргізілгені туралы заңгер Инга Иманбай мен журналист Жан Ахмадиев әлеуметтік желідегі парақшаларында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, Алматы маңында Жамбыл облысында қаза тапқан 19 жастағы Мадина Рашидқызының (Авезова) денесі эксгумацияланды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен тиісті мамандар жұмыс жүргізген.

Марқұмның жақындары оның өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Заңгер Инга Иманбай сол себепті Алматыда қайта комиссиялық сараптама жүргізуді сұрағанын айтады.

– Жаңа тағайындалған сараптама – қайталама сот-медициналық комиссиялық сараптама. Біз оны Алматыда қайта жүргізуді сұрадық. Сондықтан бүгін жәбірленуші тараптың өтініші бойынша эксгумация жасалды. Өйткені, алғашқы сот-медициналық сараптаманың нәтижесіне сенбейміз, – деді ол.

Жамбыл облысы полиция департаменті Мадинаның өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады.

Жаза кетейік, биыл тамыз айында Жамбыл облысында 19 жастағы жас ана қаза тапқан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу