Барселона маңында пойыз рельстен шығып кетіп, машинист көз жұмды

95

Сондай-ақ, тағы 14 адам жарақат алды.

Барселона маңында пойыз рельстен шығып кетіп, машинист көз жұмды Фото: BBC

Барселонадан батысқа қарай шамамен 35 шақырым жерде орналасқан Каталониядағы Желида мен Сант-Садурни арасындағы жолда Rodalies пойызы тіреу қабырғасымен соқтығысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жергілікті өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына 35 экипаж жіберіліп, пойызда қалған бір жолаушы құтқарылған. Кейінірек өрт сөндіру бөлімі пойыз ішінде ешкім қалмағанын, ал құтқару топтары басқа зардап шеккендердің бар-жоғын анықтау үшін пойыздың іші-сыртын тексеріп жатқанын түсіндірді.

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, жаралылардың бір бөлігі жақын маңдағы Мойзес Броджи, Бельвитже және Вила-Франка ауруханаларына жеткізілген.

Апат Испанияның солтүстік-шығысында соққан қатты дауыл кезінде орын алды.

Каталониядағы апат Адамуза қаласында екі жүрдек пойыз соқтығысқаннан кейін екі күн өткен соң болды. Бұл Испаниядағы 10 жылдан астам уақыттағы ең үлкен теміржол апаты болатын. Малагадан Мадридке бара жатқан пойыз вагондары рельстен шығып, қарсы жолдағы жүрдек пойызбен соқтығысып, 42 адам қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу