Барселона маңында пойыздар соқтығысып, зардап шеккендер саны 155-ке жетті

580

Екі пойыз Монкада-и-Решак қаласының маңында соқтығысқан, деп хабарлайды еуропалық БАҚ.  

Барселона маңында пойыздар соқтығысып, зардап шеккендер саны 155-ке жетті Фото: https://cdnn1.img.sputnik.tj

Алайда, зардап шеккендер арасында ешкім ауыр жарақат алмаған. Үш адам ауруханаларға жеткізілді, бірақ дәрігерлер науқастардың жағдайына қатысты уайымдаудың қажеті жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасай отырып.

Өз кезегінде өрт сөндірушілер жолаушылардың ешқайсысы үйінділердің астында қалмағанын айтады. Әзірге апаттың себептері туралы ақпарат берілмеді. Полиция тергеуді бастады.

Қазіргі уақытта барлық жолаушылар құрамнан эвакуацияланды. Пойыздардың үш теміржол желісі бойынша қозғалысында кідіріс байқалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу