Барселонада антитуристік көңіл-күй қалыптасып келеді

1130

Барселонада антитуристік көңіл-күй қалыптасып келеді

Барселона - әлемдегі туристердің ең көп келетін орындарының бірі. 1,6 млн тұрғыны бар қалаға өткен жылы 32 млн турист келген. Жергілікті халықтың басым көпшілігі туризм саласында еңбек ететініне және бір қаланың өзінде 75 мың қонақ үй мен заңды тіркелген 50 мың көңіл көтеру орындары барына қарамастан, каталондықтар туристерге қарсы акциялар мен демонстративті шаралар ұйымдастыра бастады, деп жазады The Qazaq Times

Шілде айының соңында туристер мінген автобусқа бетперде киген бірнеше жастар мініп, оның сыртына граффитимен "Туризм өңірлерді өлтіреді" деген жазуды сала бастаған. Алғашында не болғанын түсінбеген туристер мұны террорлық акті деп қабылдап, қатты қорқып кеткен. Жақын күндері Майоркадағы жергілікті мейрамханалардың біріне кіріп келген белгісіз топ қолдарына жоғарыда аталған мәтіндегі плакаттарды ұстап, жасанды түтін бөтелкелерін лақтырып, тамақтанып отырған халықты бір шулатқан. Болжам бойынша, қоғамдық қарсылықты әртүрлі формада ұйымдастырып жүрегендер -  Каталонияның тәуелсіздігін қолдайтын партияның жастары болуы мүмкін.

Ескеретін жайт, барлық қарсылықтар бейбіт түрде өтіп жатыр. Бірде бір туристтің  зардап шеккені туралы ақпарат тіркелмеген.

Атап өту керек, ағымдағы жылдың қаңтар айында Барселонада туристердің келуін тежеу мақсатында, туристік объектілерге жер бөлмеу, орындарды қысқарту шараларын қамтитын заң жобасын қабылдауды талап еткен халықтық шеру өткен болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу