Каталония басшысы референдум туралы заңды қолдануға уәде етті. Бұл туралы Карлос Пучдемон жергілікті телеарналардың біріне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды khabar.kz.
Ал Барселонада Испанияның бірлігін қолдап, мыңдаған адам шеруге шықты. Шараға қатысушылар каталониялықтарды біртұтас елдің құрамында қалуға шақырды. Демонстранттар Испания, Каталония және Еуроодақтың туын ұстап, "Біз барлығымыз біргеміз" деп ұрандатты. Шеруге қатысқан Еуропарламенттің бұрынғы төрағасы Хосеп Боррель мен әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Марио Варгас Льоса манифест оқыды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу