Барымташы ұсталды

1302

Барымташы ұсталды

Ақмола облысында ұрланған 4 бас жылқы табылып, иесіне қайтарылды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Полицейлердің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 24-ші қаңтарында Бурабай аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне Көкшетау қаласының тұрғыны 4 жылқысының жоғалғанын айтып, арызданған.

"Арызданушының сөзіне қарағанда, жоғалған жылқылар Бурабай ауданындағы Қарабауыр ауылының маңында жайылып жүрген. "Мал ұрлаушы"  жедел алдын алу шарасы барысында полицейлер Солтүстік Қазақстан облысындағы Аймақ ауылының 36 жастағы тұрғынын қолға түсірді", – деді полицейлер.

Ұрланған малдар иесіне қайтарылып, ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіле бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу