"Барыс" Блинов турнирінде екінші мәрте жеңіске жетті

718

Бұл жолы елордалық клуб Омбының "Аванград" командасымен шеберлік байқасты.

"Барыс" Блинов турнирінде екінші мәрте жеңіске жетті Фото: Ашық дереккөзден

"Барыс" Ресейдің Омбы қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден Блинов турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізд, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кездесу барысында ресейлік клубтан Рид Буше небері 17-секундта есеп ашқан еді. Одан кейін "Барыс" сапынан Кирилл Савицкий 6, Самат Данияр 19-минутта екі гол соғып кетті.

Екінші кезеңнің 24-минутында "Аванград" хоккейшісі Либор Шулак есеп айырмасын қысқартты.

Ал үшінші кезеңде қазақстандық командадан Райли Барбер 45, 58-минутта қос голдың авторы атанса, 59-минутта ресейлік хоккейші Иван Николишин қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша "Барыс" қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсіп, турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді.

Енді елордалық клуб 25 тамызда Ниженкамскінің "Нефтехимигімен" шеберлік байқасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу