"Барыс" бүгін Астанада "Торпедо" командасымен кездеседі

391

Екі команда бұған дейін 39 мәрте кездесті.

"Барыс" бүгін Астанада "Торпедо" командасымен кездеседі Фото: sports.kz

Қазақстандық "Барыс" командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің "Торпедо" (Нижний Новгород) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу бүгін, 20 қарашада күні, сағат 22:30-да басталып, "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Оның 22-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде "Барыс" 33 ойыннан кейін 25 ұпаймен 22-орында тұр.

Aл "Торпедо" 32 ойыннан кейін 40 ұпаймен 7-орынға орналасты.

Айта кетейік, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.

Соңғы 10 ойынның небәрі үшеуінде жеңіске жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу