"Барыс" хоккей клубы канадалық шабуылшыны қатарға қосты

714

"Барыстың" жаңа ойыншысы ҰХЛ-да жалпы есебі 52 ойын өткізіп, 12 ұпай жиған.

 "Барыс" хоккей клубы канадалық шабуылшыны қатарға қосты

"Барыс" хоккей клубы канадалық шабуылшы Корбэн Найтпен толықты. Команда аталған ойыншымен 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін келісімшарт жасасқанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды olympic.kz. 

Найт соңғы үш жыл бойы ҰХЛ-дағы "Филадельфия Флайерс" және "Лихай Вэлли Фантомс" клубтарының намысын қорғады. 

"Барыстың" жаңа ойыншысы ҰХЛ-да жалпы есебі 52 ойын өткізіп, 12 ұпай жиған.

Сондай-ақ, ол "Калгари" және "Флорида" командаларының сапында да сынға түсті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу