"Сарыарқа" ХК-ның құрамында өнер көрсеткен Антон Сагадеев (шабуылшы, 1993 ж.) пен Георгий Дульневты "Барыс" хоккей клубына ойнату туралы келісімге қол қойылды. Өткен маусымда Қазақстан құрамасының хоккейшілері тұрақты маусымның қорытындысы бойынша Жоғарғы хоккей лигасында үш мәрте топ жарған, плей-оффта ¼ финалға дейін жеткен "Сарыарқа" сапында өнер көрсеткен", - делінген "Барыс" ХК баспасөз мәлімдемесінде.
Сонымен қатар, "Барыс" клубына маусым алдында уақытша ауысу келісіміне Артём Лихотников қол қойды. Өткен маусымда ол да қарағандылық "Сарыарқаның" намысын қорғаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу