"Барыс" хоккейшілерінің қанша табыс табатыны белгілі болды

595

Канадалық легионер Линден Вей мен қазақстандық Никита Михайлис ең қымбат ойыншылар болып есептелінеді. 

"Барыс" хоккейшілерінің қанша табыс табатыны белгілі болды Фото: Спорт-Экспресс

"Барыс" хоккей клубы ойыншыларының жалақысы туралы ақпарат шықты. Клуб хоккейшілердің жалақысына 2,5 млрд теңге жұмсалған, деп жазады inbusiness.kz m.sport-express.ru порталына сілтеме жасап.

Клубтың екі көшбасшысы – канадалық легионер Линден Вей мен қазақстандық Никита Михайлис маусымда 278,5 млн теңгеден (50 млн рубль) табыс тапқан.

Үздік бестікте тағы үш канадалық бар: қорғаушы Алекс Грант – 250 миллионнан астам теңге (45 млн рубль), шабуылшы Майкл Шапю – 145 миллион теңгеге жуық (26 млн рубль), қорғаушы Крис Биграс – шамамен 140 миллион теңге (25 млн рубль).

Бұдан бөлек бесінші орында словак қақпашысы Юлиус Гудачек пен америкалық шабуылшы Энтони Луис те бар. Никита Михайлистен басқа клубта ең жоғары жалақы алатын хоккейшілердің ондығында басқа қазақстандықтар жоқ.

Отандық құрама шабуылшысы Кирилл Савицкий 12-орынға тұрақтады.

Тағы бірнеше қазақстандық пен ресейлік 50 млн теңге маңайында табыс табады. Қазақстандық қорғаушы Тамерлан Гайтамировтың жалақысы ең аз (бір маусымда шамамен 17 млн теңге).

“Барыстағы” жалпы жалақы мөлшері бір маусымда 2,5 млрд теңгені құраған (441 млн рубль немесе 5,4 млн доллар).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу