"Барыс" командасының ойыншылары балаларға шеберлік сыныбын өткізді

986

 Шара "Спорт - салауатты болашақ" ұранымен өтті.

"Барыс" командасының ойыншылары балаларға шеберлік сыныбын өткізді

Бүгін қазақстандық "Барыс" клубының хоккейшілері "Қазақ Елі" монументі жанындағы мұз айдынында балаларға шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны Алматы ауданы әкімдігі ұйымдастырды. Шара "Спорт - салауатты болашақ" ұранымен өтті.

"Бүгін қысқы спорт түрлеріне деген ынтасы жоғары, әсіресе, ұл-қыздардың xоккейге қызыға бастағаны қуантады. Осы қыста біздің аудандағы төрт мектептің аумағына мұз айдыны жасалды. "Балаларға шеберлік сыныбын өткізген "Барыс" командасына жеке алғысымды білдіремін",  –деді Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев.

"Астана" спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен "Барыс" командасының шабуылшысы Әлихан Әсетов, Никита Михайлис, қорғаушылар Валерий Орехов және Виктор Сведберг кездесу өткізді.

"Хоккей батылдық пен табандылықты талап етеді. Мен – "Барыс" клубының жанкүйерімін және бүгінгі шеберлік сыныбына қатысқаныма қуаныштымын", – деп бөлісті шарадан алған әсерімен жас хоккейші Інжу.  Балалар, сондай-ақ, кәсіби мәнерлеп сырғанаушы Ксения Панкратовамен кездесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу