"Барыс" шабуылшысы Олимпиадаға Канада құрамасы сапында қатысады

766

"Барыс" шабуылшысы Олимпиадаға Канада құрамасы сапында қатысады

"Барыс" хоккей клубының шабуылшысы Линден Вей Пхенчханда өтетін Олимпиада ойындарына қатысатын Канада құрамасының тізіміне ілінді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Хоккейші осы маусымда 50 ойында 52 ұпай (17+35) жинады. Канада құрамасы сапында Еуротурдың екі кезеңіне (Финляндия, Ресей) қатысты.
Канада құрамасының тізіміне "Медвешчак" (Хорватия) клубының қақпашысы Кевин Пулен де енді. Ол өткен маусымда "Барыста" ойнаған хоккейшілердің бірі.
Қазіргі таңда Канада құрамасын Уилли Дежарден жаттықтырады. Ол бұл қызметке шілде айында келген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу