Барыс vs Coca-cola: Алматы әкімі муралға қатысты түсініктеме берді

Алматы әкімі Ерболат Досаев үйдің қасбетіне салынған барыстың муралына қатысты жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Барыс vs Coca-cola: Алматы әкімі муралға қатысты түсініктеме берді Фото: kursiv.kz

“Муралов төңірегіндегі дауға байланысты қаланың келбеті жеке компаниялардың шешімдерінен зардап шекпеуі үшін тәуелсіз көркемдік сараптама жасауға бола ма?”, – деп сұрады қала тұрғыны әкімнен. 

"Муралдарға қатысты мәселе, егер оларға ресми мәртебе берілмесе, шешілмейді. Қазіргі уақытта Алматының дизайн-кодын әзірлеу аяқталуда, онда мұралдар бөлініп, жарнаманы орналастыруға және өзгерістерге байланысты мәселелер қала құрылысы және урбанистика басқармасымен келісілуі тиіс. Өкінішке орай, Coca-cola жарнамасына қатысты мәселе ЖПБ  салдарынан орын алған,өкілдер өзара шартқа қол қойып, қосымша 1,5-2 млн теңге алады, ал компания  үйдің  қабырғасында жарнама орналастырып, оны "ол біздікі" деп хабарлаған. Расында да бүгінде муралдармен не істеуге болатыны туралы нақты ережелер жоқ. Қалада әртүрлі муралдар бар: қорғалуы керек көркем шығармалар, бірақ бір уақытта әртүрлі себептермен пайда болғандар бар. Олар қаланы безендірмейді. Біз аудандар бойынша муралдардың тізімін жасаймыз және анықтаймыз. Муралдарды заңдастыру қажет. Біздің қаладағы ғимараттардың бос сұр қабырғалары өмірге толы болуы үшін біз суретшілермен жұмыс жасаймыз. Мен бұған көмектесуге  дайынмын", – Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу