Естеріңізге сала кетейік, 55 жастағы күдікті кепілге қойған үйін тәркілеуге келгендерге оқ жаудырған. Көз жұмғандардың арасында екі полицей, сот орындаушысы және үйдің жаңа иесі болған. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, Дужнов барлығы он рет оқ атқан. Соның тоғызын ату үшін небары 8 секунд қажет болған. Судьяның айтуынша, аса ауыр қылмысқа барған Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін. Сондықтан алқа билердің қатысуын талап ету ұсынылды. Бірақ Дужнов адвокатының кеңесімен алқа билердің қатысуынан бас тартты. Сотта прокурор қылмыстық істің деректерін келтірді