Бас әскери прокуратура Челах ісіне қатысты пікір білдірді

425

Арқанкергендегі оқиғаға кінәлі деп танылған Владислах Челахтан өтініштер жыл сайын келіп түседі.

Бас әскери прокуратура Челах ісіне қатысты пікір білдірді Фото: tengrinews.kz

Бас әскери прокурор Дастан Секенов Челахтың ісін қайта қарау мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.  

Ол Челахтың ісі бойынша сот үкімі 2013 жылы күшіне енгенін еске салды. Бұрынғы сарбаздың ісі апелляциялық шағымда қаралған.

"Одан жыл сайын өтініштер келіп түседі, біз оларды қарастырамыз. Іс бойынша тың дүние көрсетілмейді. Белгіленген тәртіп бар, тұрақты түрде куәландыру жүргізіледі, оның барлық шағымы органдарға жіберіледі. Сараптама нәтижелері оны психикалық тұрғыдан сау екенін көрсетті, бірақ жеке тұлғаның бойында ерекшеліктер бар", - деді ол Сенат кулуарында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу