Бас әскери прокурордың орынбасары Нұрасыл Тұрлыхановтың ісіне қатысты түсініктеме берді

Сенат кулуарында Бас әскери прокурордың орынбасары Мақсат Қазиев Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Бас әскери прокурордың орынбасары Нұрасыл Тұрлыхановтың ісіне қатысты түсініктеме берді Фото: Sn.kz

"Бұл істі әскери прокуратура қадағалады. Қылмыстық іс аяқталды. Қазіргі уақытта сот қарау сатысында", - деді журналистердің сұрақтарына жауап берген Мақсат Қазиев.

Сондай-ақ ол Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Тұрлыхановтың мерзімді әскери қызметші болғанын және қылмыс болған кезде демалыста болғанын түсіндірді.

"Сот шешім шығарады. Тиісті үкім шығады", - деді Мақсат Қазиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу