Бас банк депозиттік аукциондар өткізе бастайды

717

Сондай-ақ 7 күндік қысқа мерзімді ноттардың аукционын өткізуді тоқтатады.

Бас банк депозиттік аукциондар өткізе бастайды

Ұлттық банк 18 ақпаннан бастап 7 күндік қайтару мерзімі бар депозиттік аукциондарды өткізе бастайды, сондай-ақ 7 күндік қысқа мерзімді ноттардың аукционын өткізуді тоқтатады, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Депозиттік аукционды бастаумен тұрақты қолжетімділік операцияларының шеңберінде 7 күндік депозиттерді тарту да тоқтатылады.

Бұл өзгерістер Ұлттық банктің ақша-кредит саясатының трансмиссиялық тетігінің пайыздық арнасының тиімділігін арттыруға бағытталған.

Депозиттік аукциондар ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде Ұлттық банктің аукциондарды өткізу қағидаларына сәйкес өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу