Бас банк маусымда Ұлттық қордан 550 млн долларға дейінгі мөлшерде валюта сатпақ

Теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады.

Бас банк маусымда Ұлттық қордан 550 млн долларға дейінгі мөлшерде валюта сатпақ Фото: google.com

Бұл туралы Ұлттық Банктің валюта нарығы бойынша ақпараттық хабарламасында жазылған. 

"Маусымда Ұлттық қордан сатудың нақты көлемі Қаржы министрлігінің республикалық бюджетке трансферттер бөлуге арналған өтінімдеріне байланысты болады. Қаржы министрлігінің қолда бар болжамдық бағдарлары негізінде қажетті трансферттер сомасы бойынша Ұлттық Банк алдын ала маусымда Ұлттық қордан 500 млн АҚШ долларынан 550 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатуды жоспарлап отыр. Маусымда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін валюта сатып алу 200 млн АҚШ долларынан 250 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде күтілуде", – деп хабарлады қаржы институты. 

Ұлттық Банк транспаренттілік қағидаты шеңберінде валюта нарығында жүргізілетін барлық операциялар туралы толық ақпаратты ашып көрсетеді. 

"Қысқа мерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтынвалюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады", – деп хабарлады бас банк. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу