Бас банк жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады

650

Бас банк жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады

ҚР Ұлттық банкі 2018 жылғы 9 наурыздан 16 наурыз аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

16 наурыздағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 0,8%-ға (320,19-дан) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 322,72 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 2018 жылғы 9 наурыздан 16 наурыз аралығындағы маңызды оқиғалар Ангела Меркельді Германия үкіметінің басшысы лауазымына қайта сайлау, АҚШ-тағы инфляция мен бөлшек сауда бойынша деректерді жариялау, АҚШ-тың темір рудасы мен алюминийдің импортына экономикалық баждар енгізу аясында сауда-саттық соғысының ықтималдығына, сондай-ақ АҚШ-қа Қытай өнімдерінің импортына жаңа баждар туралы ұсыныстар топтамасын қарау аясында қобалжудың артуы болды. Осы факторлар әлемдік нарықтарда АҚШ долларының біраз құбылмалылығына әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні келесідегідей қалыптасты:

-  Түрік лирасы Moody’s рейтингтік агенттігінің елдің тәуелсіз кредиттік рейтингін Ва1–ден Ва2-ге дейін төмендетуінен кейін және ағымдағы шот тапшылығының болжам 6,9 млрд. АҚШ доллары болғанда қаңтарда 7,1 млрд долларға дейін өсуінен кейін 2,9%-ға (3,81-ден 3,92-ге дейін) әлсіреді;
- Ресей рублі Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэйдің Лондоннан Ресей дипломаттарын шығару туралы мәлімдеуінің аясында, АҚШ-та президент Дональд Трамптың кампаниясы мен Ресей арасындағы ықтимал келісу туралы баяндаманың жария етілуі, сондай-ақ Ресейдің сайлауға араласуымен байланысты АҚШ-тың қаржы министрлігінің санкцияларының кеңеюі аясында 1,5%-ға (56,67-ден 57,52-ге дейін) әлсіреді. 
- Оңтүстік Африка рэнді елдің бас прокуратурасының экс-президент Джейкоб Зумды жемқорлық бойынша айыптау аясында 1,4%-ға (11,81-ден 11,98-ге дейін) әлсіреді;
Бразилия реалы 0,6%-ға (3,26-дан 3,28-ге дейін) әлсіреді.
Мексика песосы 0,4%-ға (18,62-ден 18,69-ға) әлсіреді;
Индонезия рупиясы 0,3%-ға (13 797-ден 13 751 -ге дейін) нығайды.
Үндістан рупиясы 0,4%-ға (65,17-ден 64,94-ке дейін) нығайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу