Бас банктің "7-20-25" үлгісіндегі автонесиелеу бағдарламасы екінші жартыжылдықта әзір болмақ

552

30 қаңтарда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын іске қосуды ұсынған еді.

Бас банктің "7-20-25" үлгісіндегі автонесиелеу бағдарламасы екінші жартыжылдықта әзір болмақ

Ұлттық банк жаңа бағдарламаны әзірлеуге дайын. Бұл туралы үкіметтің бүгінгі отырысында Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, деп хабарлайды abctv.kz.

"7-20-25" бағдарламасы сияқты халықтың отандық автокөліктерді сатып алуға кредит беру бағдарламасын әзірлеуге дайынбыз. Бұл ұсынысты мемлекеттік органдармен және банктермен бірінші жартыжылдықта пысықтаймыз. Бағдарламаны екінші жартыжылдықта іске қосуға әзірміз", – деді бас банкир.

Еске сала кетейік, 30 қаңтарда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын іске қосуды ұсынған еді.

Отандық мамандардың пікірінше, жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы нарықтағы көліктерді "жасартуға" үлес қоспақ. Себебі, қайталама нарықтағы қолданылғанына 20 жылдан асқан көліктердің үлесі азаймай отыр. Мәселен, 2019 жылдың қаңтарында 20 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келе жатқан көліктердің үлесі 43,5 пайызды құраған. Бір жыл бұрынғы көрсеткіш бұдан әлдеқайда төмен (38,1 пайыз) еді.

Сондай-ақ жаңа бағдарлама отандық автоөндірісті одан әрі дамытуға жол ашады деген болжам бар. Мәселен, былтыр ел аумағында 206 млрд теңгеге 32 298 көлік құралы өндірілген. Жаңа бағдарлама іске қосылған соң бұл көрсеткіш айтарлықтай ұлғаюы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу