"Бас бапкер Махмұд Сабырханға қиянат жасады": Амалбек Тшанов бас бапкердің кінәсін ашық айтты

713

Бұл туралы Assyltas TV youtube-арнасына берген сұхбатына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

"Бас бапкер Махмұд Сабырханға қиянат жасады": Амалбек Тшанов бас бапкердің кінәсін ашық айтты Фото: коллаж inbusiness.kz

Белгілі қоғам қайраткері Амалбек Тшанов Париж олимпиадасында сәтсіз өнер көрсеткен Махмұд Сабырханның жеңілісіне бас бапкер Мырзағали Айтжанов кінәлі екенін және оны 57 келіге жіберіп қиянат жасағанын айтты.

“Екі жағдайға бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжановтың кінәсі бар. Тікелей оны айта аламын. Біріншіден, 51 келідегі Махмұдты 57-ге өткізіп қойды. 57 келідегі Сәкенді 51 келіге алып келді. Сәкен қай салмақта болса да бойы ұзын. Керісінше оны 57 келіде ұстау керек еді. Ал Махмұд 51 келіде болғанда өзбекті де жеңетін еді. Ол бір ерекше бала . Мырзағалидың осы шешімі ешқашан кешірілмейтін нәрсе, тікелей қиянат жасады” – деді Амалбек Тшанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу