Бас бостандығынан айрылған екі адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

1261

306 науқас жазылып шықты.  

Бас бостандығынан айрылған екі адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың мәлімдеуінше, еліміздің 21 тұрғыны коронавирус инфекциясынан құтылды.

"Нұр-Сұлтан қаласының – 9, Қызылорда облысының – 4, Түркістан облысының – 5, Ақмола, Ақтөбе, Атырау облыстарының бір-бір тұрғыны ауруды жеңді. Ел бойынша 306 адам дертінен айықты", – деді бас санитарлық дәрігер.

Сөз арасында Айжан Есмағамбетова бас бостандығынан айрылған 2 адам

коронавирус індетін жұқтырғанын жариялады.

"Науқастардың бірі Атырау, екіншісі Қызылорда облысында тіркелді. Олар жазасын өтеп жүрген адамдар", – деді бас санитарлық дәрігер.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу