Бас бухгалтер әуежайға 1,3 миллиард теңге шығын келтірді

616

Сот санкциясы бойынша күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды

Бас бухгалтер әуежайға 1,3 миллиард теңге шығын келтірді

Елорда әуежайының бас бухгалтері Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің лауазымды тұлғаларына 16 млн теңге пара берді және іс жүзінде жоқ шарттар мен жұмыстар бойынша жалған шот-фактураларды шығарумен айналысатын 23 фирманың есеп айырысу шоттарына аудару арқылы акционерлік қоғамның 1,3 млрд теңгеден астам қаражатын қолды қылды деп күдіктелуде.

"Залал  аудиторлық тексеру тұжырымымен расталды. Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының елордалық департаментімен аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот санкциясы бойынша күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", – деді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу