Бас бухгалтер бас бостандығынан айырылды

1057

Ол бюджет қаражатын карталық шотына аударды деп айыпталды.

Бас бухгалтер бас бостандығынан айырылды

Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының бас бухгалтері 92 млн 500 мың теңгені қолды қылғаны үшін 7 жылға сотталды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаровтың мәлімдеуінше, бұрын денсаулық сақтау басқармасының Шемонаиха орталық аудандық ауруханасының бас бухгалтері болған О. Десюпова 92,5 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын өзінің карталық шотына аударған. 

"Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық сотының үкімімен О. Десюпова 7 жылға бас бостандығынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды", – деді аға тергеуші.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу