Бас дәрігер ана өлімі үшін қызметінен босатылды

838

Ақтөбе облысында жас әйелдердің өлімі өршіп тұр. Жыл басынан бері 7 ана қайтыс болды. Былтыр 9 айда 14 әйел келмеске кетті.  

Бас дәрігер ана өлімі үшін қызметінен босатылды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жас аналардың басым бөлігі коронавирустан көз жұмып жатыр деп хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"17 мамырда 30 жастағы әйел қайтыс болды. Ол босанғаннан кейін көп қан жоғалтты. Науқасқа операция жасадық, бірақ оны құтқара алмадық. Жас ананың соңында ұлы қалды. Қайтыс болған әйелден екіжақты пневмоторекс анықталды. Былтыр науқас коронавируспен ауырған. Салдарынан иммунитеті әлсіреп қалған", – деді облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Асхат Балықов.

Дәл осы орталықта биыл 2 өлім тіркелді. Қайтыс болған әйелдің туыстары оған  медициналық көмек тиісінше жасалмағанын алға тартып, құқық қорғау органдарына шағымданды. Бас дәрігер қызметінен кетті. Денсаулық сақтау басқармасы мәселенің ақ-қарасын анықтау мақсатында комиссия құрды. Комиссия құрамына Батыс Қазақстан медицина университетінің мамандары енді.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу