Бас дәрігерлер iKOMEK-ке түскен өтініштерге жауап береді

956

ikomek109 орталығына келіп түскен барлық өтініштердің 24,5%-ы денсаулық сақтау мәселелерімен байланысты. 

Бас дәрігерлер iKOMEK-ке түскен өтініштерге жауап береді

2019 жылдың басынан бастап iKOMEK109 қалалық орталығына денсаулық сақтау мәселелері бойынша 241 207 өтініш келіп түсті, оның ішінде 235 519-консультация, 3 445-шағым, 1 660-оқыс оқиға, 523-алғыс, 60-ұсыныс түсті деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Статистика көрсеткендей, ikomek109 орталығына келіп түскен барлық өтініштердің 24,5% денсаулық сақтау мәселелерімен байланысты. Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бірыңғай қалалық орталықпен бірлескен жұмыс жүргізеді. Енді емхананың әрбір бас дәрігері өз телефондарында iKOMEK109 мобильдік қосымшасы бар, онда олар онлайн режимде өздерінің медициналық мекемелеріне қатысты барлық өтініштерді алатын болады. Сондықтан азаматтар медициналық қызмет көрсету бойынша толғандыратын сұрақтарға тікелей жауап ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, iKOMEK109 мобильді қосымшасы қала тұрғындарына фото-бейнематериал қоса бере отырып, өтініш беруге, сонымен қатар өтініштердің атқарылу дәрежесін білуге, хабарландыруға жазылуға мүмкіндік береді. Онда сіз алдағы іс-шаралар, мектептерде сабақ болмайтыны, тасжолдардың жабылатыны және т.б. жөнінде біле аласыздар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу