Бас қалада 3 201 азамат мүгедектігі бойынша үй кезегінде тұр

543

Астана қаласында І және ІІ топтағы 3 201 мүгедек азамат үй кезегінде тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бас қалада 3 201 азамат мүгедектігі бойынша үй кезегінде тұр Фото: aqtobegazeti.kz

Бұл туралы қалалық маслихатта өткен комиссияның отырысында Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Бейсен мәлімдеді.

"Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік осал топтарының тізімінде 3 201 азамат І және ІІ топтағы мүгедек санаты бойынша тұр. Ал 1 892 азамат мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар есебінен тұрғын үй кезегінде тұр. Жоғарыда аталған азаматтар сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында баспанамен қамтылуда. 3 жыл ішінде жоғарыда аталған санаттарға жататын азаматтарға 374 пәтер сатып алу құқығынсыз берілді", – деді Ғалымжан Бейсен.

Тұрғын үй инфроқұрылымын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, "Бақытты отбасы" бағдарламасы қайта қаралған. Жақында бағдарламаға өзгеріс ензіліп, ондағы "толық емес отбасы" санаты алынып тасталды. Оның орнына жетім балалар, І және ІІ топтағы мүгедек адамдар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар енгізілген.

"Мүгедектер тобын қайта қарау нәтижесі бойынша, І және ІІ топтағы мүгедектер ІІІ топқа ауысқан жағдайда тұрғын үйге мұқтаждар қатарынан шығарылады. Айта кетейін, 2020 жылы – 121, 2021 жылы – 543, ал 2022 жылы – 79 азамат ІІІ топқа ауысуына байланысты баспана кезегінен алынып тасталды", – деді  Ғалымжан Бейсен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу