Бас қалада әлеуметтік нысандар салу үшін 420-дан астам учаске анықталды

658

Соның ішінде мектеп салуға – 158 учаске, балабақшалар үшін – 185, медициналық орталықтар үшін (емханалар, перзентханалар, оңалту орталықтары) – тағы 78 учаске, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап.  

Бас қалада әлеуметтік нысандар салу үшін 420-дан астам учаске анықталды Фото: gov.kz

Әлеуметтік нысандарды салу үшін жер учаскелерінің саны жыл сайын ұлғаяды.

Елордада тұрғындардың қатысуымен 2035 жылға дейінгі қаланың бас жоспарының жобасы талқылануда. "Астана бас жоспарында" болашақ әлеуметтік нысандардың (мектептер, медициналық орталықтар, балабақшалар) орналасуы туралы айтылды. Қаланың бас жоспары жобасы аясында түрлі бағыттар талқыланады: қаланы дамыту, халық саны, әлеуметтік нысандар салу, көлік инфрақұрылымын перспективалы дамыту, 2035 жылға дейін нысандарды бұзу.

Қазір Астананың бас жоспарының жобасы талқылау сатысында тұр. Астананың бас жоспарының жобасын талқылау 2022 жылғы 15-18 қараша аралығында "НИПИ Астанагенплан" ЖШС ғимаратында, Астана қ., А.Мамбетов көшесі, 22-көрме залы мекен-жайында өтеді. Оған кез келген қала тұрғыны қатыса алады. Ғимаратқа кіру үшін жеке куәлікті көрсету міндетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу