Бұл жолы бас қалаға 500 тоннадан астам өнімін Павлодар облысының тауар өндірушілері әкеледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ауылшаруашылық жәрмеңкеге облыстың 90-нан астам кәсіпорны қатысады. Павлодарлық фермерлер елордаға 160 млн теңгенің 510 тонна өнімін әкеліп сатады. Оның ішінде 60 тонна ет пен ет өнімі, 20 тонна сүт өнімі, 50 тонна бакалеялық өнім (жұмыртқа, жарма, ұн, нан өнімдері, бал, күнбағыс майы), 240 тонна картоп пен 140 тонна көкөніс бар.
Жәрмеңкеде "Рубиком" ЖШС, "МолКом" ЖШС, "Смак" ЖШС, "КЭММИ" ЖШС, "Сагып" ШҚ, "Галицкое" ЖШС, "Крендель" ЖШС, "Акжар-Ондирис" ЖШС сияқты атауы бүкіл республика көлемінде танымал фирмалардың өнімдерін сатып алу мүмін болады.