Бас қалаға жаңа автобустардың алғашқы бөлігі жеткізілді

122

Жалпы қалаға 2023-2024 жылдар аралығында 700-ден аса автобус жеткізілген.

Бас қалаға жаңа автобустардың алғашқы бөлігі жеткізілді Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қоғамдық көлік мәселесін шешу үшін елордаға 300 автобус жеткізілетінін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі – қоғамдық көлікті дамыту. Биыл қалалық автопарк 300 жаңа автобуспен толықтырылады. Оның ішінде 118 автобус қазірдің өзінде қалаға жеткізіліп, желіге шығаруға дайындық жұмысы жүріп жатыр. Қалған 182 автобус қалаға алдағы 3-4 айда жеткізіледі. Бұдан бөлек, жеке автопарктер де өз қаражаты есебінен көлік құрамын жаңарту жұмысын жүргізіп жатыр. Жаңа автобустар желідегі көлік санын арттыруға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде аялдамада күту уақыты қысқарады, жаңа бағыттар ашылып, ескі автобустар кезең-кезеңімен ауыстырылады", – дейді әкім.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу